"Мамандықтар әлемінде" тақырыбында аудандық семинар практикум
2022 жылдың 15 қараша күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназия базасында "Мамандықтар әлемі" тақырыбында кәсіптік бағдар беруші мамандарына арналған семинар-практикум өткізілді. Семинарға ауданымыздың білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Муратбекқызының қатысуымен өтті. Семинарды ашып беру үшін А.Асқаров атындағы директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Нурзада Койшыгуловна сөз сөйлеп, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Аймақтық іс- шараға N1,17,39,44 мектебінің кәсіптік бағдар беруші мамандары мен 11 сынып оқушылары қатысып, кәсіпті дұрыс таңдау үшін қажетті ақпараттар алды. Семинар барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, постер қорғау арқылы таңдаған мамандықтарының артықшылықтары менкемшілігін айтып өтті. Сондай -ақ "Жасырынған мамандықты тап" ойыны және "Сізге қандай мамандық лайық?" Деген сынды қызықты тренингтер жүргізілді. Ал кәсіптік бағдар беруші мамандарға ситуациялық сұрақтар беріліп, сондай жағдайларда қандай әрекет жасайтындары туралы ойларымен бөлісті.


