«Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың 6 желтоқсан күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында Сарымолдаев ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Асадова Севиль Яшаршызы 9 - 11сынып оқушыларына «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама мақсаты – 2014 жылы бастау алған бағдарламаның мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары басым келетін оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарға оқытып, жұмысқа орналастыру. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс – шаралардың қатарына кіретін әлеуметтік жобаның мақсаты – білікті мамандар даярлау. Бұл стратегияның өзегі еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылу болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобаны ұсынды. Осылайша серпін өмірге келді. Серпін бағдарламасы бойынша шекті 70 балмен грандқа түсуге болады,барлық мамандықтар бар,грандқа түскен жағдайда жатақхана тегін, тамақ, жолақысы тегін болады.