«Менің қызығушылығым-болашақ мамандығым»
2023 жылдың 15 ақпан күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес
7 «А», 6 «А» сыныппен «Менің қызығушылығым-болашақ мамандығым» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқыту мен еңбек қызметін саналы түрде таңдауға бағытталған анықталған бейімділіктер мен қабілеттерді ескере отырып, кәсіби дамудың мүдделерімен бағыттарын қалыптастыру. Сабақ барысында білім алушыларға топпен жұмыс орындап постер қорғады І топ – «Менің болашақ мамандығым»,II топ – «Мамандықтың бәрі жақсы» олардың жауаптары тыңдалды. Психологиялық тренинг «Мен қандай маман боламын?» Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс, таңдаған фигуралары бойынша мамандыққа деген қызығушылықтары анықталды. Әріпті мамандық» ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарыныңқыр — сырын айту керек. Мысалы:І топ: «А», ІІ топ: «К»,