«Әр саладағы мамандар иесі» тақырыбында 4 «А», «Б», «В» сынып оқушыларын №2 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай сонымен қатар 2023 жылдың 16 қыркүйек күні «Әр саладағы мамандар иесі» тақырыбында 4 «А», «Б», «В» сынып оқушыларын №2 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты: білім алушыларды дәрігер мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Экскурсия барысында УПМ медбике Тасименова Динара Тоябековна білім алушылармен сұхбаттасып, білім алушыларға болашақ мамандығын таңдауда – өмір жолындағы ең маңызды шешімдердің бірі екендігін айтты. Сондықтан болашақ мамандықты таңдауға өте, өте байыппен қарау керек. Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді дәрігердің арқасында науқас міндетті түрде жақсарады. Бірақ шынымен нағыз дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, дәрігер ретінде не істеу керектігін қаншалықты жақсы білетініне байланысты болады. Дәрі дәрмекті дұрыс тағайындамау, адам өміріне немқұрайлы қарау, адамдардың дәрігерлердің көмегіне деген сенімін де жояды.Дәрігер мамандығы адамгершілігі мол, өйткені өзгеге көмектесу – ақ ниетті, жаны таза адамның ісі. Болашақ мамандықты таңдаған соң, дәл осындай адам болуға тырысу керек. Білім алушылар сұрақтар қойып, сұрақтарына нақты жауап ала алды.Дәрігер психолог мамандар білім алушылармен бірге тренинг жүргізіп, сұрақтарына жауап алды.