«Анаға тағзым» орталығына кәсіби бағдар беру мақсатында 11 сынып білім алушылары экскурсия ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 2 ақпан күні 11 «А» сынып білім алушылары мен кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығына кәсіби бағдар беру мақсатында 11 сынып білім алушылары экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда жастарға және көп балалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан жақты қолдаулар көрсетіледі. Орталықтағы «Мирас» экспозициялық залында ұлттық салт-дәстүрлер барынша насихатталады. «Сырғалым» сырласу клубы, «Ерке сылқым» хореографиялық залы, «Қызғалдақ» ұлттық экотәрбие клубы, «Сырлы әлем» бейнелеу өнері және «Ана тілі» шешендік өнер мектептері, «Қазына» ұлттық аспаптар сыныбы, «Ынтымақ» коворкинг залы, «Береке» аспаздық және «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиялары жұмыс жасайды.
- Экскурсия барысында екі жылдан бері ашылған тегін курстарымен танысып білім алушылар жақсы көңіл-күймен қайтты.