«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында»кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес «Кәсіп түбі – нәсіп» тақырыбында жас кәсіпкермен кездесу өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында»кәсіби бағдар жұмы жоспарына сәйкес «Кәсіп түбі – нәсіп» тақырыбында жас кәсіпкермен кездесу өткізілді. Іс шара мақсаты білім алушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру, белгілі бір еңбек, кәсіби іс-әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау болды. Іс шара барысында Меркі ауданының дамуына үлес қосып, жас кәсіпкер Құдайберген Саағадат кездесуге келді. Кәсіпкер өзінің қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі екенін айтты. Оның тарихы ғасырлар бұрын бастау алып, жасалу технологиясы жылдан-жылға күрделене түскен. Бүгінде қыш құю ісімен айналысатын шеберлер көп емес. Алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келетіндігін айтты. Жас кәсіпкерлер өздері туралы қысқаша әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез-келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Сонымен қатар, алдын-ала оқушылармен әзірленген бірнеше сауалдарға жауап беріп, бастарынан өткен қызықты оқиғаларын ортаға салды.
Құмыра жасау арқылы
КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛАСЫЗ
МИЫҢЫЗ ТЫНЫҒАДЫ
ЕРЕКШЕ ЭМОЦИЯ АЛАСЫЗ
БЛОКТАРДАН АРЫЛАСЫЗ деп айтып өтті.Саз балшықпен жұмыс жасау арқылы өзіңізді жақыннан танып, блоктарыңыздан арыласыз.
https://www.instagram.com/art_craft_merke?igsh=bmJ6azl2Z3pyZnpj