11 «А», «Б» сынып білім алушылармен «Болашағы зор мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылдың мамырдың 6 күні 11 «А», «Б» сынып білім алушылармен «Болашағы зор мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімі де белгілі. Кәсіп меңгеру деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, жақын араласқың келетін ортаға бейімделудің бастамасын түсіндіру. Сонымен қатар білім алушыларға өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге, біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету; қобалжу, сенімсіздік, үрейден арылу және оларды алдын алу мақсатында мектеп психологтары 11 сынып білім алушыларымен «ҰБТ-ға білім алушыларды психологиялық тұрғыда дайындау» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында білім алушыларға «ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? кеңестер берілді, «Дыбыстық гимнастика», «Эксперимент!» жаттығуы. Мақсаты: Стрестік жағдайда өзін ұстауға үйрету. Өткізу техникасы әр топқа бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндерден жазылған қағаз
үлестіріледі. Және мәтін оқу тапсырмасы беріледі. Нұсқау: 30 секунд ішінде орындау керек. Кері байланыс "Инстаграм" әдісі арқылы алынды.