«Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.
2024 жылдың 22 желтоқсан күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 9 «Б» сыныппен «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, білім алу және кәсіби траекторияны таңдау үшін ақпараттандыру және кеңес беру жүйесін құру. Сабақ барысында білім алушыларға «Ойланып пікірлесейік» айдарында оқушыларға сұрақтар қойылып олардың жауаптары тыңдалды. Сұрақтарға оқушылар белсене жауап берді. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларға суреттер арқылы әр мамандықтың маңыздылығы жайында әңгімелеп, ойларымен бөлісті. Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтар тақырыбында бейнеролік көрсетіліп, сұрақ – жауап арқылы жауаптары талқыланды. «Колейдаскоп» әдісі арқылы оқушылар 8 типті адамның бір бейнесін таңдап өздерінің қабілеттілігін анықтады.


