«Мамандық таңдау – маңызды міндет» тақырыбында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастығы профессор Есенбаева Джансулу Мухаметкалиевнамен «zoom» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
2025 жылдың 24 ақпан күні кәсіби бағдардың жұмыс жоспарына сәйкес 11 «А», «Б» сынып білім алушыларымен ДБІЖО Әлмеш Н, кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К. «Мамандық таңдау – маңызды міндет» тақырыбында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастығы профессор Есенбаева Джансулу Мухаметкалиевнамен «zoom» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Кездесу барысында білім алушыларға қазіргі таңдаған мамандық түрлерімен таныстыра отырып, сұранысқа ие мамандық түрлерін атап өтті. Сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мамандықтарын таныстырып, жеңілдіктерді атап өтті.
- Ауылдық квота
- Көпбалалы отбасы
- Толық емес отбасы
- Серпін
- Мүгедектігі бар отбасы
- Қандас осы топқа жататын отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.