«Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама
06
октябрь
2021

«Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы» КММ

«Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама

Мерзімі: 06.10.2021ж

Қатысқандар: 8 «А», 8 «В» сынып қыздары

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. 

        №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Қыз тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы» атты республикалық апталыққа орай мектеп кітапханасында «Қызым, саған айтам..» атты  кітапхалық көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Мауленкулова қыз бала тәрбиесіне байланысты ұйымдастырылған, көрмеге қойылған кітаптар жайында болашақ ұрпақтың өз қатарынан озарыда қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты екені туралы әңгімеледі. Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. 

Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді. «Әке асқар тау» демекші өзінен кіші бала болсада жолын кесіп өтпеуі, ер адамның алдында өзін – өзі ұстау мәдениеті туралы С.Гасанова кітаптан оқып берді. Қазақ халқы «қыздың жолы жіңішке» деп, қыздың жаза баспауын қатаң қадағалап отырған. Н.Петришина бойжеткен қыздардың абыройы оның ақыл – парасатына, инабаттылығына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына, сезім дүниесі жайлы ой – өрісінің тереңдігіне байланысты екенін «Саналы ата – ана тәрбиесі» атты кітаптан оқып берді. Ал, Жандосқызы Жәнелім апасының өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайтынын, әсіресе қыз анасына қарап көп тәлім – тәрбие алатынын айтып өтті. 

Анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройында сақтай білмейді. Қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесіне бастаған» деп қыз тәрбиесіне байланысты қыздармен қызықты әңгіме жүргізілді. 
 Суретте іс-шарадан көрініс:







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив