«Ар тазалығы - адамгершілік» атты кітапханалық бұрыш туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Ар тазалығы - адамгершілік» атты кітапханалық бұрыш туралы хабарлама
Өткізілген күні: 22.01.2022ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 10 сыныптар
Мақсаты: Халыққа әділетті, қоғамға тең қарайтын ұрпақ, парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Дәйек сөз: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»
В.Сухомлинский
Мектебіміздің кітапханасында 8 - 10 сынып білім алушыларына «Парасат жолы» - адалдық алаңы, «Ар тазалығы - адамгершілік» туралы кітапханалық бұрышпен сыныптан тыс ақпараттық – танымдық сағаты өтті. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Білім алушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір істердің шапағаты туралы түсінік берілді.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылып, оқушылардың пікірлері тыңдалып, кітапхана бұрышына ұсынылған ҚР заңдары мен әдебиеттері, басылым беттеріндегі материалдар таныстырылды. Парасыз биікке, біліммен ұмтыл қағидасын есте сақтау міндетті. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс – әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез – құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Ұлы Абай данамыз айтқандай: «Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Қорытындылай келгенде осы қасиеттерді ұстанған азаматтарымыз парасатты азамат болады деп сенеміз.
Суретте іс – шарадан көрініс: