«Меркі – тарих төрінде» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Меркі – тарих төрінде» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама
25
февраль
2022

«Меркі – тарих төрінде» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ

 «Меркі – тарих төрінде» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама

Өткізілген күні: 25.02.2022 жыл

Өткізілген орны: акт залы

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін патриоттық сезімін арттыру. Туған өлкенің өткен тарихын біле отырып, қазіргі Меркі ауданы өмірі мен тарихына байланысты  мағлұматтар беру.

       Мерейлі Меркі ауданы – Жамбыл облысының 10 ауданының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында , Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік –шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Тұрар Рысқұлов(бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі. Облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 1928 жылы 26 қазанда құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км². 

      Аудан аумағында 43 елді мекен, 1 кенттік және 12 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Меркі ауылы.

      Географиясы. Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Ауданның орталығы жазық келеді. Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ойтал, Аспара. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының Солтүстік беткейінен бастау алып ауданның орталық бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өзеніне құяды. 

    Меркі өңірінен ғалым мен өнер қайраткерлері көптеп шыққан. Олардың арасында А.Асқаров –экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Археология Ғылымдары академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторлары, профессорлары ҚазМу-дің журналистика факультетінде 16 жыл декан болған Т.Қожакеев, ҚазМу-дің проректоры Намазалы Омашев, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген халық әртісі А.Қоразбаев, Б.Сәмединова, Қазақстан жазушылар  одағының мүшесі Ш.Мамасерікова және ақын-жыршы, сазгер, Қазақ Ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүр академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері және ұлт қайраткері Б.Шошабаев және де басқа ауданымыздың мақтаныштары, 1992 жылы «Сымбат» мода бизнесі академиясының ректоры – Сабыркүл Асанова.

     Қорытындылай келе 

Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

Туған өлке – деген туған тіл, салт – дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің бәрі, бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінен кездеседі. Біздің қазақ халқы да туған өлке қадірінжас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер, өлке жайлы мақал – мәтелдерінен, өлеңдерінен көреміз. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған өлкесі, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймыз.

      2022 жылдың 25 ақпан күні мектебіміздің акт залында «Өлеңі – өмірінің өрнегі» атты Қазақстан жазушылар  одағының мүшесі Шырын Мамасериковамен кездесу кеші болып өтті. «Меркі – тарих төрінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның кітаптары,   студенттік кезінен сыр шертетін естелік суреттері қойылды.

Суретте іс – шарадан көрініс:




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив