Халықаралақ әйелдер күні 8 Наурыз «Әйел – Ана, Әйел – ару, Әйел – гүл!» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы КММ
Халықаралақ әйелдер күні 8 Наурыз «Әйел – Ана, Әйел – ару, Әйел – гүл!» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Мерзімі: 3.03.2023 жыл
Қатысқандар: барлық топ – 51 оқушы
Өткізілген орны: кітапхана
Мақсаты: көркем әдебиет туындылары арқылы халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, үлгі өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парасатты мейірімді болуға үйрету; Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ анасы. Қазақ анасы – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам. Қазақ анасы – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана. Осы орайда аналарымыздың күніне орай оқу залында «Әйел – Ана, Әйел – ару, Әйел – гүл!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесіне қойылған ақын, жазушы апаларымыздың «Әйел - ана» тақырыбында жазған – Ф.Оңғарсынованың «Әйел», К.Ахметова «Анам туралы», Н.Бердалы «Сүйген жүрек» және т.б. өлеңдері, әңгімелері, жасөспірімдер мен бойжеткендерге ақыл – кеңес беретін «Инабат», «Қыз – өмірдің қызғалдағы», «Ақ босаға» кітаптары, «Өзін – өзі тану» мерзімді журналдары оқырман сұранымына ие болып, кеңінен насихатталды. Кітап көрмесіне барлығы – 21 кітап, 6 журнал қойылды. Суретте іс – шарадан көрініс
|