27
февраль
2024
"Театрдың ғажайып әлемі"
📚🎭🎭 "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуын, балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін – өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру,
оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Оқуға құштар ауылдар" бойынша 2-4 сынып білім алушылары арасында "Театрдың ғажайып әлемі" байқауы өтті.
Әр сынып жазушылар, ақындар шығармаларын оқып, сахналандырылған көріністер көрсетті. Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен сыныптар арнайы номинациялармен және дипломдармен марапатталды, сондай-ақ, Меркі "Жастар ресурстық орталығы"демеушілік көрсетіп, сыйлықтарын тарту етті.
#біртұтас_тәрбие