«Кітаппен бірге!» Зияткерлік ойын туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Кітаппен бірге!» Зияткерлік ойын туралы мәлімет
Мерзімі: 07.11.2025ж.
Өткізілген орны: Кітапхана
Қатысқандар: ашық есік күні
“ӘУЛИЕАТА КІТАП ОҚИТЫН ӨҢІР” жобасы, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында мектеп кітапханалары айлығы аясында “Кітаппен бірге” байқауы өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында өткен байқауда жастар кітап оқудың маңызын насихаттап, өз білімдерін ортаға салды.
Байқауға “Smart Zhastar” және “IQ Zhastar” топтары қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар кітаптардан алынған сұрақтарға жауап беріп, оқыған туындылары туралы пікірлерін ортаға салды, шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара барысында жастардың оқуға деген сүйіспеншілігі мен белсенділігі ерекше байқалды. Әр қатысушы өз үлесін қосып, “Кітап — рухани байлықтың кілті” екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жастардың белсенділігі мен кітапқа деген сүйіспеншілігі қуантады!
Суретте іс-шарадан көрініс:





