Оқушыларды 2025 – 2026 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз ету жұмысы туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
Оқушыларды 2025 – 2026 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз ету жұмысы туралы хабарлама
Өткізілген күні: 1 – 20 тамыз аралығында
Қатысқандар: сынып жетекшілері, 1 – 11 сыныптар, даярлық тобы, ата - аналар
Мектеп кітапханасы әр оқу жылының тамыз – қыркүйек айында, Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту Министрлігі бекіткен оқулықтар мен әдістемелік қосымшалар, көркем әдебиеттері тізімі бойынша сұраныс беріліп, кітап қорын толықтырып отырады. Мектеп кітапханашылары кітап қорын реттеп, 2025 жылдың 20 тамызына дейін оқушыларға оқулықтарды таратуды 100 % аяқтады.
Жыл сайын мектеп кітапханасында оқулықтарды тегін пайдалануға жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, отбасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының балалары бірінші болып оқулықпен қамтамасыз етілді.
Мектепте 676 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында жаңартылған мазмұндағы оқулықтар 4 сыныпқа – «Орыс тілі», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану», «Цифрлық сауаттылық» оқулықтары, 7 сыныпқа – «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Русский язык», «Русская литература», «Английский язык», «Алгебра», «Геометрия», «Биология», «Химия», «Физика», «Көркем еңбек», 7 – 8 сыныптарға – «Қазақстан тарихы», «История Казахстана, «География», 11 сыныптарға – «Құқық негіздері», «Основы права» оқулықтары, 10 – 11 сыныпқа «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқулықтары, 8 қазақ, орыс сыныптарына оқушы саны артуына байланысты қосымша оқулықтар алынды.
2025 – 2026 оқу жылына оқушылар 100% оқулықпен қамтылды.
Кітапхананың қорының саны – 28 248; оқулықтар саны – 20 516, негізгі қор – 7732, оқырман саны – 800; кітапханаға келу саны – 3491, кітап беру саны – 20370
Суретте іс – шарадан көрініс:


