«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында кітап көрмесі туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында кітап көрмесі туралы мәлімет
Мерзімі: 10.12.2025ж.
Өткізілген орны: Акт залы, Кітапхана
Қатысқандар: барлық топ
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясы (ресурстық орталық) «Адал азамат, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 жел - тоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Өмірлері өнеге – Желтоқсан ардагерлері» атты тақырыпта кездесу өтті. Білім алушылардың тарихи танымын кеңейту, ұлтқа деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Тәуелсіздік құндылығын ұғындыру мақсатында мектеп кітапханашылары «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Тәуелсіздік құрбандарын еске алу мақсатында суреттері, дәйек сөздер, желтоқсан оқиғасына байланысты Тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолдары туралы кітаптар қойылды. Желтоқсан ардагерлері білім алушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмір жолдарындағы тарихтарымен ой бөлісті.
Суретте іс – шарадан көрініс:




