«Кітап сыйла — болашаққа жол аш!» республикалық челленджі туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Кітап сыйла — болашаққа жол аш!» республикалық челленджі
туралы мәлімет
Мерзімі: 16.02.2026 жыл
Қатысқандар: барлық топ
Өткізілген орны: Кітапхана
«Кітап — ең құнды сыйлық!
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «КІТАП СЫЙЛА — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШ» республикалық акциясы аясында біздің мектеп кітапханасында игі шара бастау алды. «Кітап сыйла!» акциясы аясында мектеп кітапханасына ұстаздар, ата –аналар, білім алушылар өз үлестерін қосты. Олар жеке кітапханаларындағы көркем және танымдық әдебиеттерді сыйға тартып, кітапхана қоры 35 кітапқа толықтырылды.
Бұл бастама – білім алушылардың білімге деген құрметін, рухани құндылықтарға деген жауапкершілігін айқын көрсетеді. Кітап сыйлау арқылы олар тек кітапхана сөресін байытып қана қоймай, өзге оқушыларды да оқуға, ізденуге үндейді.
Кітап сыйлау — бұл жай ғана сыйлық емес, бұл білімге, мәдениетке және өскелең ұрпақтың болашағына қосылған үлкен үлес. Әрбір сыйланған кітап — жаңа арман мен мүмкіндік!
#КітапСыйла #БолашаққаЖолАш #ОқуғаҚұштарМектеп #БалаларКітапханасы #АдалАзамат»






