«Самұрық құсының сиқырлы қауырсыны» киелі жерлерге саяхат
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Самұрық құсының сиқырлы қауырсыны» киелі жерлерге саяхат туралы мәлімет
Мерзімі 12.12.2025 жыл
Қатысқандар: 5 - 7 сыныптар
"Адал азамат, біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушыларға ауданымыздың, туған өлкеміздің көрікті жерлерін көрсетіп, олардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Самұрық құсының сиқырлы қауырсыны» атты тақырыбында өлкеміздің киелі жерлеріне саяхат жасады. Қазақтың кең даласы сыр мен құпияға толы. Қай өңіріне барсаң да жаныңды тылсым табиғаты баурап алатыны бар, осы орайда мектеп-гимназиямыздың білім алушылары мен тарих пәні мұғалімдері, кітапханашылар Меркі ауданындағы мұражайға және киелі жерлерге саяхат жасап, кез келген елдің тарихи немесе мифологиялық нүктелері, яғни қасиетті жерлері болатынын түсіндіре келе, білім алушылар бұл киелі мекендер туған жеріміздің аумағында тұратын әрбір адам үшін маңызды екендігін, аспанмен таласқан таулар, ерекше қорғаудағы ерекше тастар мен тарихы тереңдегі дала мен кесенелердің маңызын білді. Кең даланың кереметін көзбен көріп, жүрекпен сезініп Самұрық құсының сиқырлы қауырсынымен саяхаттады.
Суретте іс –шарадан көрініс:




