«Ұлыстың ұлы күні Әз - Наурыз» атты кітап көрмесі
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың бойында
Наурыз мейрамы қарсаңында, 19 наурыз – Жаңару күніне орай қазақ халқының ежелгі дәстүрін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырын таныту мақсатында мектеп кітапханасында «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге оқушылар келіп, Наурыз мейрамының шығу тарихымен, қайта жаңғыру кезеңдерімен және оның түркі халықтары арасындағы тойлану ерекшеліктерімен танысты. Кітапханашылар білім алушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мол мағлұмат беріп, Қазақстан аумағында тұратын түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары мен олардың дайындалу ерекшеліктері жайлы қызықты деректер ұсынды.
Көрмеге халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ұлттық мұралары туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Олардың ішінде: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»,«Қазақ халқының ұлттық киімі», «Қазақ ұлттық тағамдары», «Наурыз: Ұлыс күніне арналған халық салт-дәстүрлері», «Наурыз: Жаңғырық дәстүрлері», С. Кенжеахметұлының «Әдет-ғұрып», Б. Төтенаевтың «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақтың батырлық жырлары», «Мәдениет», «Дәстүр» және басқа журналдар мен кітаптар бар.
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы барша оқырмандарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтайды! Береке-бірлігіміз артып, ырыс-несібеміз мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ-береке тілейміз!



