Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның тексеру қорытындысы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның тексеру қорытындысы
15
сентябрь
2021

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның тексеру қорытындысы



Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру 

қорытындысы


2021 жылдың  15 қыркүйек күні  Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының  санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру  жүргізді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының  тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген   жарақаттар, күйіктер анықталмады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, ас үйде 10 үстел, 20 орындық, 4 қол жуғыш талапқа сай қойылған, дегенмен: қолдың суын кептіретін 1 кептіргіш құрал істен шыққан, қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы   нормаға сай, бөгде, артық зат анықталмады. Өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы нормаға сай. Дайын тағамда ас мәзірінде көрсетілген  әрбір  оқушыға 150-200 г. м мөлшерінде  дайын ас: тефтели сиыр етімен, қырыққабат салаты  асханадағы арнайы өлшейтін таразы арқылы өлшенді,  нормаға сәйкес келмеді 30 г. жетпегені анықталды.

Еттерді, көкөністерді бөлшектейтін арнаулы пышақтер мен ағаштардың қатты түрлерінен жасалынған (қайыңнан, еменнен жəне т.б.) жарықшақ сызаттары жоқ, беті тегіс сүрілген бөлшектегіш тақтайлар бар, олар арнайы белгімен белгіленген, Əрбір технологиялық операциядан кейін бөлшектегіш құрал-саймандар тазалаудан өткізілді. Жуғыш заттар қосып ыстық сумен жуу, ыстық ағынды сумен шаю. Шикі жəне дайын тамақтарға арналған бөлшектегіш құрал-саймандар бір-бірінен жырақта, арнаулы бөлінген орындарда сақталынған. Тағамдарды дайындауға жəне дайын тағамдарды сақтауға   таттанбайтын болаттан жасалынған ыдыстар пайдаланылады, алюминийден жəне дюралюминийден жасалынған ыдыстарды  тек қана тамақтарды дайындауға жəне қысқа уақытқа (бір сағаттан артық емес) сақтауға пайдаланады. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақталынады. Подностар əрбір қолданылғанынан кейін сүртіліп құрғатылады. Ыдыс-аяқ жууға пайдаланылған щеткалар жұмыс соңында температурасы 45°С ыстық суда жуғыш заттармен жуылып тазаланады, дезинфекцияланады, ағын сумен жуылып шайылады, содан кейін  кептіріледі жəне арнайы бөлінген жерде сақталынады. Ас блогының үй-жайын тазалау кестесінің жоқтығы анықталып, ескертілді, сондай-ақ, персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкаф, мектептің материалдық базасында персоналға арналған душ бөлмесі қарастырылмағандығы анықталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив