03
сентябрь
2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек беру тәртібін айқындайды.Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.
4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар мен интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды және кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың;
3) көп балалы отбасылардан шыққан балалардың;
4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалардың;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерінің;
8) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарда ұзақ уақыт оқып жүрген балалардың;
9) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқып жүрген студенттердің;
10) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттердің;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтардың шығыстарын ішінара өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға мемлекет тамақтандыру құнының 80 пайызы мөлшерінде тамақтандыру шығыстарын өтейді (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады).
Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқыған кезеңде олардың жатақханада тұру шығыстарын мемлекет жылына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген жиырма тоғыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы адамдар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында оқыған кезеңде олардың жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы мөлшерінде республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен тегін ыстық тамаққа құқығы бар.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет ыстық тамаққа кететін шығыстарды жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінен өтейді.
Тамақтану шығыстары жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында оқып жүрген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті осы мемлекеттік органдар көрсетеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;
4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс);
7) осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстар сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналасқан кезде мынадай растайтын құжаттардың бірін ұсынады:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтаманың көшірмесі;
2) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымнан анықтама;
3) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар үшін – мүгедектік туралы анықтама.
Ескерту. Қағидалар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.08.2023 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Білім беру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.
Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымының басшысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға каникул кезеңінде білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдар мен отбасыларға жол жүруін, тәуліктік шығыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды;
2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлуді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарын білім беру саласындағы уәкілетті орган не бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тамақтандыру, киім-кешекпен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне (бұдан әрі – мөлшерге, көздерге және түрлерге) 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.Шаруашылық мүкәммал, жеке гигиеналық заттар, ойыншықтар, көркем әдебиет сатып алуға, мәдени-бұқаралық іс-шараларға жұмсалатын шығыстар сомасы жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және ғимараттар мен құрылысқа күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстарды есепке алмағанда барлық тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау құнының кемінде үш пайызы мөлшерінде болады.
"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241; 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) түсу кезінде берілетін киім-кешек, аяқ киім нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін екі айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) берілетін киім-кешек, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін төрт айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі жалпы және шипажайлық үлгідегі мектеп-интернаттарда тұратын балалар мен білім алушыларды тамақтандыру, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 9-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
6. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 9 және 10-қосымшаларға, ал республикалық әскери мектеп-интернаттары үшін - 9, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
7. Сәбилер үйіндегі балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мемлекеттік білім беру ұйымдары демеушілік және қайырымдылық көмектер алатын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақылы түрде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ұсынудан түсетін қаражат әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмек ұсыну көзі болып табылады.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 1-қосымша |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Мектеп жасындағы бір тәрбиеленушіге | Мектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге | ||||
саны | киілу мерзімі (жыл) | саны | киілу мерзімі (жыл) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
Киім-кешек | |||||||
Қысқы пальто, тон | дана | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Маусымдық пальто, күрте | " | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Мектеп киімі | жиынтық | 1 | 1 | - | - | ||
Ер балалардың мақта-матадан тігілген ақ көйлектері | дана | 2 | 2 | - | - | ||
Спорттық киім және кедалар | жиынтық | 1 | 1 | - | - | ||
Ер балалар костюмі | " | 3 | 2 | 3 | 1 | ||
Қыз балалардың көйлектері (белдемшелер, блузка) | дана | 3 | 2 | 3 | 1 | ||
Қыз балалардың үйде киетін халаттары | " | 2 | 2 | 2 | 2 | ||
Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері | " | 3 | 1 | 3 | 1 | ||
Жүннен тігілген мерекелік көйлек | " | 2 | 1 | 2 | 1 | ||
Жүннен тігілген мерекелік костюм | жиынтық | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Жүннен тоқылған свитер (жемпір) | дана | 1 | 2 | 2 | 2 | ||
Жазғы мерекелік көйлек | " | 2 | 1 | 2 | 1 | ||
Қыз балалардың гамашы | " | 2 | 1 | 2 | 1 | ||
Жазғы бас киім | " | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Қысқы бас киім | " | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Күзгі-көктемгі бас киім | " | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Іш киім | жиынтық | 2 | 1 | 5 | 2 | ||
Қол орамал | дана | 4 | 1 | 4 | 1 | ||
Ер балалар шалбарының белбеуі | " | 1 | 1 | - | - | ||
Жартылай жүнді шарф | " | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Қолғап (биялай) | жұп | 2 | 1 | 3 | 2 | ||
Қыз балалардың бюстгальтері | дана | 4 | 1 | - | - | ||
Майкалар, трусилер | " | 6/3 | 1 | 6/3 | 1 | ||
Мақта-матадан тоқылған колготки, шұлық, гольфтар | жұп | 5 | 1 | 6 | 1 | ||
Жүннен тоқылған колготки, шұлық, гольфтар | " | 6 | 1 | 6 | 1 | ||
12 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған гигиеналық заттар | " | 150 | 1 | - | - | ||
Бәтеңкелер, туфлилер (сандалии) | " | 3 | 1 | 3 | 1 | ||
Кроссовкалар | " | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Үйде киетін аяқ киім | " | 2 | 1 | 3 | 1 | ||
Етіктер, бәтеңкелер (қысқы) | " | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Резеңке етіктер | " | 1 | 2 | 1 | 1 | ||
Спорттық бас киім | " | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Түнгі жейделер, пижамалар | " | 2 | 1 | 2 | 1 | ||
Колготки (жұқа) | " | 5 | 1 | 6 | 1 | ||
Алжапқыштар (көкірекшелер) | " | 2 | 1 | ||||
Құмда жату, шомылу, малту іш киімдері | " | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
Жұмыс киімі | жиынтық | 1 | 2 | 1 | 2 | ||
Портфель, сөмке | дана | 2 | 2 | - | - | ||
Шабадан | " | 1 | 5 | 1 | 5 | ||
Жұмсақ мүкәммал | |||||||
Ақ жайма | дана | 3 | 2 | 5 | 2 | ||
Көрпе тысы | " | 2 | 3 | 3 | 3 | ||
Жастықтың тысы (ішкі) | " | 1 | 4 | 1 | 4 | ||
Жастықтың тысы (сыртқы) | " | 3 | 2 | 3 | 2 | ||
Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі | дана | 3 | 2 | 3 | 2 | ||
Түкті сүлгі | " | 3 | 3 | 3 | 2 | ||
Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе | " | 1 | 6 | 1 | 6 | ||
Түкті көрпе | " | 1 | 4 | 1 | 4 | ||
Матрац | " | 1 | 4 | 1 | 3 | ||
Жастық | " | 1 | 8 | 1 | 8 | ||
Төсек жапқыш | " | 1 | 6 | 1 | 6 | ||
Кереует алдындағы кілемше | " | 1 | 4 | 1 | 4 |