05
апрель
2024
«Дұрыс тамақтану – ұзақ білім алу жолы»
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында балалардың денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің тамақтануының ғаламдық мәселелеріне назар аудару, балалардың ауруға шалдығуының факторы ретінде үйлесімді тамақтану мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінен ақпарат алу мақсатында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында 5"А" сынып білім алушылары аудандық "Ұшқын" жастар орталығының мамандарымен пікірлесу ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар "Цитрус","Жемістер", "Көкөністер" топтарына бөлінді.«18 зиянды тағамдар» атты бейнероликті көрген соң, нəтижесінде қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болуды үйренді.