22
февраль
2023
"Мен зорлық - зомбылықсыз өмірді таңдаймын", "Кибербуллинг, буллингке тосқауыл қояйық!"
«Ақпан айы- жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» аясында 22 ақпан күні мектеп психологтары білім алушылардың жол қауіпсіздігін, интернет қауіпсіздігін, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Мен зорлық - зомбылықсыз өмірді таңдаймын", "Кибербуллинг, буллингке тосқауыл қояйық!" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында ҚАУІПСІЗДІК сақтау ережелері, яғни көшеде бейтаныс адамдармен әңгімелесуге және оны үйге кіргізуге болмайтындығы, кіреберіске, лифтке бөтен ер кісімен бірге кіруге,бейтаныс адамнан сыйлық алуға және онымен бөтен жерге баруға,араққұмар, нашақор,қылмыс жасауға бейім адамдармен байланыс құруға болмайтындығы ескертілді. Сонымен қатар бөтен адамдарға ЖОҚ деп айтуды әрдайым есте сақтауды,әрдайым жол ережесіне сақ болуды, ИНТЕРНЕТКЕ уақытты көп бөлмеу керектігі, үйдегі компьютерге және ұялы телефонына анонимдік таныстық сайттарына кіруді шектейтін арнайы бағдарлама орнатуды, интернет және ұялы телефон арқылы қарым-қатынастан абай болу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.