06
сентябрь
2023
«Жақсы көңіл-күй жан азығы»
2023-2024 оқу жылының алғашқы күнінен бастап Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектеп әкімшілігі, педагог-психологтары Е.Олжабай мен М.Нурмуханбетова барлық оқушыларды мектептің кіреберіс есігінен қабылдап алды. Қабылдап алу барысында, оқушылар арасында психологиялық ахуалды жақсарту, жаңа ортаға бейімдеу, оң бағытта жұмыс жүргізу мақсатында жылы лебіздер айтылып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Білім алушыларды күнделікті мектеп алдыннан қабылдап алу біздің мектебімізде жылдағы дәстүр. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті өз жалғасын таба беретін болады.