"Сенімділік кілті" тренинг
2023-2024 оқу жылының қазан айында 4,9 сынып оқушыларымен қобалжу, мазасыздану сезімдерінен арылуға көмек беру, бойларында сенімділік пен тұрақтылық орнатуға бағыт бағдар, кеңес беру мақсатында мектеп психологы Е.Олжабай «Сенімділік » тақырыбында тренинг жүргізді. Психолог оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында тренингті«Бумба – Юмба» жаттығуымен бастады. Оқушылармен амандасып алғаннан кейін оқушыларды тренингтің ережесімен таныстырды. Оқушылардың «сенімділік» сөзіне терең үңіліп, ой жүгіртулеріне ықпал жасау мақсатында «Сенімді – сенімсіз» тақырыбында жаттығу жүргізілді. мұнда сыныптар топқа бөлініп, әр топ өз ойларын постерге жазып, қорғады. Сынып ішінде бір-біріне деген сенімділікті арттыру мақсатында «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін» жаттығуы жүргізілді. Қатысушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау мақсатында "Сілкіп таста» жаттығу жүргізілді. Оқушылардың зейін шоғырландыра алуларын және оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту мақсатында «Эксперимент», «Жылдамдық» жаттығулары жүргізілді.