16
ноябрь
2023
"Бәрі өз қолымда"
2023 – 2024 оқу жылында қараша айының 16 күні оқушылардың өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя білуіне не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету мақсатында "Бәрі өз қолымда" тақырыбында 9-сынып білім алушыларымен тренинг өтті. Ұйымдастыру кезенінде тренингтің ашылуын "Сәлем сөздің атасы" атты жаттығумен бастады. Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін айтты. Мысалы: ақылды Айбану, жігерлі Жанболат. Келесі орындалған тренинг "Сіздің көніл- күйіңіз қандай? " деп аталады. Оқушылар өзіне ұнаған түрлі- түсті фигуралардың біреуін тандап, түс арқылы өздерінің көңіл- күйін білдірді. "Ойланайық, пікірлесейік" тренингте білім алушылар өмір жайлы мәнерлеп өлең оқып, сұрақтар арқылы бір- бірімен пікір алмасты. Одан кейін оқушылар адамгершілік деген сөзге анықтама беріп "Сиқырлы қобдиша" атты тренинг өткізді. Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір қима қағаз таңдап алып, ішінде жазылған сөзді оқып, лайықты деп санаған адамға сыйлады. Не үшін сыйлағанын ашып айтты. Бұл тренингте оқушылар адамгершілік қарапайым қағидалардың түрлерін білді: ол үлкендерді құрметтеу, сыйлау, Отанын қорғау, дінін сатпау дегендей. Тренинг "Маржан сөздер сыр шертеді" атты нақыл сөздермен аяқталды.