30
январь
2024
Дарынды балалардың психоэмоционалдық жағдайын түзету
2024 жылдың 29 қаңтар күні мектеп психологтары дарынды оқушылардың эмоционалды көңіл күйлерін анықтау және бағалай білуге, басқа балалардың эмоционалды күйін қабылдай білуге үйрету, көңіл-күй туралы ұғым қалыптастыру, саналы түрде өздерінің эмоционалды күйлерін реттей білуге, түзете білуге үйрету, өзіне және қоршаған ортасына позитивті қатынасқа тәрбиелеу мақсатында "Өз жанымыздың ғажайып әлемі" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында«Көңіл-күй градуснигі» жаттығуы,"Өрмекші торы" жаттығуы жүргізілді. «Қорқыныш пен ашу қапшығы» жаттығуы. Біздер бірдеңеден қорқамыз немесе кейде ашуланып жатамыз. Осындай жағымсыз эмоциялардан арылу үшін жағымсыз эмоцияларымызды бейнелеп оны арнайы қапшыққа салып жинап тастайық. Алдарымыздағы смаиликтерге коркыныш пен ашуымыздың бейнесін салып қапшыққа салып тастайық. Жарайсыңдар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Жақсы ма? білім алушылар көңіл-күйлерінің жақсы екендігі туралы айтып өтті.