«Жасөспірімдер арасында кибербуллинг ,буллингтің алдын алу жолдары» тақырыбында дәріс
2023 – 2024 оқу жылында психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында "Әр бала - жарық жұлдыз!" атты психологиялық кеңес беру айлығының барысында ақпан айының 9 күні «Жасөспірімдер арасында кибербуллинг ,буллингтің алдын алу жолдары» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шара барысында білім алушылар түсінбеген сұрақтарын сұрап, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара қонақтары: Маңызқызы Арна.
Мақсаты: Оқушылардың арасындағы етек жайып бара жатқан буллингтіңалдын алу, балаларды буллингке қарсы тұру қасиеттерін үйренуге жағдай жасау. Міндеттері: Оқушыларды өмірде кездесетін буллинг түрлерімен таныстыру. Жеке тұлғаға буллинг және кибербуллингке қарсы тұру туралы білім алуына қолайлы жағдай туғызатын оқутәрбие процесін ұйымдастыру. Оқушыларда буллингке қарсы көзқарас қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту.