"Ата-ана - бала көзімен..." рөлдік ойын (оқушылар)
2023 – 2024 оқу жылында психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында "Әр бала - жарық жұлдыз!" атты психологиялық кеңес беру айлығының барысында ақпан айының 20 күні 8 сынып білім алушылармен «Ата-ана бала көзімен...» рөлдік ойын өткізілді.
Рөлдік ойынның мақсаты: отбасында икемді болуға, жақындарының қызығушылықтарын ескеруге үйрену. Отбасылық жағдайларда өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру.
Іс - шара барысында: ситуациялық сұрақтар, "көңіл-күйіңіз қалай?" жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тобы үш «отбасына» бөлінеді. Тапсырма барлығына ортақ ұсынылады. Жеке-дара тапсырма бойынша құрастырылған проблема жөнінде «отбасылық кеңесті» ұйымдастыру. «Отбасылық кеңесте» «отбасының әрбір мүшесі» жасына және даралық ерекшеліктеріне қарамастан дауысқа ие болып, өз пікірін еркін білдіре алады. «Кеңестің» төрағасы «отбасы» талқылайтын негізгі идеяларды, «кеңестің» шешімдерін және шешім қабылданбаған жағдайдағы ықтималды салдарын жазып отырады. «Отбасылық кеңестің» барысын «қоғамдастықтан» екі адам бақылап отырады, алайда «отбасы мүшелері» олар жайында білмейді. Бақылаушылар «кеңестің» барысы мен нәтижелерін анағұрлым толыққанды талқылау үшін қажет.