12
февраль
2024
"Айналамыз толған жақсы адамдар" ата-аналармен кездесу
"Әр бала - жарық жұлдыз!" атты психологиялық кеңес беру айлығының барысында «Айналамыз толған жақсы адамдар» тақырыбында ата-аналармен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: ата – аналардың мектеп өмірімен тығыз байланысын арттыру, балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату.