18
октябрь
2024
"ДОС БОЛАЙЫҚ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық психологиялық орталығының 2024 жылғы 16 қазандағы №14-13 хатына сәйкес "ДОС БОЛАЙЫҚ" акциясы аясында білім алушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары Е.Олжабай мен Б.Алипова 9-сынып білім алушыларымен "Достық қымбат өмірде!", 10-сынып білім алушыларымен "Достық-татулықтан басталады", 11-сынып білім алушыларымен "Достық шеңбері!" тақырыптарында тренингтер өткізілді. Тренинг барысында "Біз біргеміз" жаттығуы, "Өмірге жол" ойын жаттығуы, "Өзеннен өтеміз" жаттығулары жүргізілді.