19
ноябрь
2024
"Менің жан дүниемнің сұлулығы"
2024– 2025 оқу жылында қараша айының 19 күні оқушыға өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беріп, көзқарастарын қалыптастырып, өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару мақсатында «Менің жан дүниемнің сұлулығы» 7-сынып білім алушыларымен мектеп психологтары тренинг жүргізді. Тренинг барысында: «Менің ерке есімім», «Оның есесіне мен..», "Өмір мәні" жаттығулары жүргізілді. Білім алушылар тренингке белсене қатысып, көңіл-күйлері көтерілді.