"Отбасындағы баланың ролі"
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытынды анықтамасы
Күні:
Тақырыбы:“Отбасындағы ата-ана ролі”
Мақсаты:ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, психологиялық кеңестер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Жауапты: мектеп психологтары
Барысы:
Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Бүгін біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен «Ата - ананың алақаны-балаға саялы бақ”» тренингін бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке — шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата — ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі жиналысымызға қатысып отырған ата — аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
Нұсқау: 5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –