"Жағымды көңіл-күй!"
Асанбай Асқаров атындағы орта білім беретін мектеп – гимназиясы ресурстық орталығында ұстаздармен «Жағымды көңіл-күй» тақырыбында жүргізілген жұмыстың хаттамасы
Мақсаты: Мұғалімдердің жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналған ішкі ресурстарын анықтау, оларды жұмыс барысында тиімді пайдалануға жағдай жасау.
2025 жылдың 4 сәуір күні мұғалімдердің жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналған ішкі ресурстарын анықтау, оларды жұмыс барысында тиімді пайдалануға жағдай жасау мақсатында мектеп психологтары ұстаздармен «Жағымды көңіл-күй» тақырыбында тренинг жаттығулары жүргізілді. Жұмыс барысында «Мұз жарғыш ойын» ("Айсбрейкер") – «Комплимент шеңбері», "Көңіл-күй қоржыны", "Жағымды жұмыс ортасы қандай?" жаттығулары жүргізіліп, Рефлексия – "Эмоциялық карта" кері байланыс жасалды. Қорытынды: Ұстаздың көңіл-күйі – оқушының да мотивациясына әсер ететін маңызды фактор екендігі, Күн сайын өз көңіл-күйіңізге көңіл бөліп, оны басқару – кәсіби табыстың негізі туралы айтып өтті.