"Зорлық - зомбылықтың алдын алу " жадынама тарату
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясы (ресурстық орталық) «Зорлық – зомбылықтың алдын алу» бойынша тақырыбында жүргізілген жұмыстың анықтамасы
Мақсаты: ата-аналарда қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың болуы мәселесін барабар түсінуді қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Міндеттері: Балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі бойынша теориялық және практикалық материалдарды зерделеу, жинақтау, жүйелеу.
Жұмыс барысы: Семинар-ойын “Психологиялық жаттығу". Ата-аналар, егер олар осы мәлімдемелермен келіссе, белгілі бір қозғалыстарды орындауға шақырылады: Егер сіздің отбасыңызда мезгіл-мезгіл "бағынбау шабуылдары" орын алса, алақаныңызды қағыңыз. Егер сіз бала үшін ең тиімді жаза ләззаттан айыру деп ойласаңыз, басыңызды изеңіз. Егер сіз балаңызды ұрысып, жазалағаннан гөрі жиі мақтасаңыз, мұрныңыздың ұшына тигізіңіз. Егер сіз өзіңізді жақсы ата-ана деп санасаңыз, жұдырығыңызды кеудеңізге тигізіңіз. Егер сіздің балаңызбен қандай да бір қиындықтар немесе түсініспеушіліктер туындаса - оң көзіңізді жұмыңыз. Бұл сіздің отбасыңызда бола ма: сіз баланы жазалайсыз, ал басқа отбасы мүшелері сізді тым қатал деп сөгіп, баланы жұбата бастағанда, аяғыңызды таптаңыз. Егер сіз бала тәрбиесінде ең бастысы - үлкендердің үлгісі деп ойласаңыз, күліңіз. Егер сіз балаңыздың отбасында жайлы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасасаңыз, өзіңізді басынан сипаңыз. Бейнеролик көрсетіліп, талқылау сұрақтары қойылып, "Алты қалпақ" әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Мектеп психологтары ата-аналарға арналған жадынама таратты.