05
март
2026
«Қыз әдебімен көрікті»
2026 жылдың наурыз айының 5 күні қыз балалардың әдептілік, инабаттылық, ұлттық құндылықтар туралы білімін тереңдету, зияткерлік ойлау, шешендік, тапқырлық қабілеттерін дамыту, ұлттық тәрбие мен заманауи мәдениетті ұштастыру мақсатында 9-10 сынып қыздарымен «Қыз әдебімен көрікті» тақырыбында сайыс өткізілді. Іс-шара барысы I кезең – «Таныстыру», топ атауы, ұраны. II кезең – «Әдептілік әлемі» (Сұрақ-жауап), III кезең – «Мақал – сөздің мәйегі» мақалды жалғастыру кезеңдерінен тұрды. Қыздарды «Шебер қыз», «Еңбекқор қыз», «Блогер қыз», «Білімді қыз», «Сымбатты қыз» номинацияларымен марапатталды.