04
февраль
2022
"Қыздар тәрбиесі мен гигиенасы" тақырыбында семинар
"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында және мектептің тәрбие жоспарының отбасылық тәрбие бағыты бойынша "Айару" қыздар клубының 5-7 сыныптарының қыз балалары арасында тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу мақсатында "Қыздар тәрбиесі мен гигиенасы" тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер беріліп, қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғалып, тақырыпқа сай бейнесюжет көрсетілді. Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.
Теги:
123