05
февраль
2022
"Сұлулық әлемді құтқарады" сыр-сұхбат
Мектептің тәрбие жоспарының рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша білім алушыларды жақсы ой ойлауға, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру, сұлу, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып білім алушылары арасында "Сұлулық әлемді құтқарады" сыр-сұхбат өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар 3 топқа бөлініп "Махаббат - өмір нәрі", "Сұлулық", "Сүйіспеншілік" тақырыптарында топтық жұмыс жасап, «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», мақалдардың мәнін түсіндіріп, ұлы ақындардың "Махаббат", "Сұлулық" тақырыптарында жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті, махаббатты аңсайды, музыка сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәнделеді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөлетіндігін, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылатындығын іс-шара барысында білім алушылар көрсете, жеткізе білді. Іс-шара қорытындысында қатысушыларға естелікке сыйлықтар табыстады. Жауапты: Г.Кельгенбаева, С.Таштемирова
Теги:
123