15
апрель
2022
"Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы"
Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, жасөспірім қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында 13-14 жас аралығыдағы қыздармен "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында ДТІЖО А.Айтбаева, "Айару" қыздар клубының жетекшісі Л.Жолдыбаева және Меркі аудандық "Ұшқын" жастар орталығының психолог, гинеколог мамандарымен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында салауаттылық, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, маскүнемдік, шылым шегудің әсері бойынша тренингтер өткізілді, қыз баланың жеке гигиенасы, сұлулық сырлары, мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі тақырыптары бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, іс-шара соңында "Релаксация" караоке әндер айтылды.
Теги:
123