10
июнь
2022
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Балалар жылына арналған «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» атты тұжырымдамасы аясында мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде "Ғаламшар әлемі" тобының балаларымен мектеп психологтары А.Толганбаева, Е.Олжабай «Аяқталмаған сөйлемдер» тақырыбында әдістеме жүргізді. Бұл әдістеме 12-14 жастағы балаларға арналған. Тест психодиагностика зерттеуіне арналған, сонымен қатар балалардың ішкі қысымын, балалардың болашаққа, ата-аналарына, мұғалімге деген қарым-қатынасы қандай екенін білуге арналған.