13
апрель
2023
🍅🍇🏃7 сәуір - Дүниежүзілік «Денсаулық күні»
🤸🍅🍇🏃7 сәуір - Дүниежүзілік «Денсаулық күні» өтті
🥕🍎⚕️🍐 Дүниежүзілік «Денсаулық күніне"орай Асанбай Асқаров атындағы ЖОББМГ денсаулық фестивалі өтті. Фестиваль «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне 75 жыл» тақырыбында "Сөзден іске!" ұранымен өткізілді. Фестивальдің басты мақсаты: салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсарту, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшелеріне көңіл бөлу боп табылады.
Осыған орай, «Денсаулық күні» таңертегілік жаттығудан басталды, флешмоб ұйымдастырып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 5-11 сыныптар арасында спорттық ( орта доп, секіртпе, дойбы, үстел теннисі, арқан тартыс) ойындары өткізілді. Бастауыш сыныптарында сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану-заманауи өмір негізі» тақырыбында және дүниежүзілік денсаулық күніне арналған танымдық сағаттарын өткізсе, 5-7 сыныптың сынып жетекшілері «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.Сынып сағаттарында оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, басты байлық екендігі ұғындырылды. Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін қажеттілігі туралы түрлі бейнероликтер көрсетілді. Денсаулық күніне барлық білім алушылар қатысты.