13
апрель
2023
🍲🍛🥕🍎"Тиімді тамақтану"
🍲🍛🥕🍎"Тиімді тамақтану"
🍲🍛"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тиімді тамақтану онкүндігі аясында және тәрбие жоспарының дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша білім алушыларға дұрыс тамақтану үшін гигиеналық ережелерді сақтау жолдары тиімді, әрі режиммен тамақтану, аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын есте сақтау мақсатында 2 "Б" сыныбында "Тиімді тамақтану"
атты сынып сағаты өткізілді. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты, адам өміріндегі ерекше көңіл аудара қарайтын нәрсе ол дұрыс тамақтану екені түсіндірілді. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады. Осы сынды көптеген мәліметтер оқушыларға айтылды. Білім алушылармен біріге отырып, тақырыпты жан жақты аштық. Сынып жетекшісі: Л.Узбекова