11
декабрь
2023
"В мире сказок и загадок"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Үйірме жұмыстары арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру" үйірме онкүндігі жоспары негізінде білім алушылардың ақыл-иесін дамыту, ойын шынықтыру, ойлауға, ойлаған ісінің үдесіне шығаруға жаттықтыру, зейінін, ықыласын арттыру. әр нәрсенің себебін іздестіріп табуға үйрету мақсатында "В мире сказок и загадок" үйірмесінде "В мире сказок и загадок" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта білім алушыларға жасырылған жұмбақтар әрбір заттың атқаратын қызметіне, жаратылысына, ерекше қасиетіне қарай құрастыратындықтан астарлы,жасырын ойды анықтау үшін оқушылар логикалық байлам жасап, өз ойларын айтып, белсенділік көрсетті. Фантазиядан гөрі нақтылық, деректік басым болғандықтан, аз уақыт ішінде тез шешім қабылдап, жауабын тауып, ой ұшқырлығын, ойлау жылдамдығын көрсетті. Ертегілермен байланыстырып, "Ертегілер елінде" ертегілер әуендері жасырылып, соңында әнмен аяқтады.#Біртұтас_тәрбие