12
июнь
2024
"Жүрістердің есебі"
Мектеп жанындағы «ДЕМАLIKE» лагерінде балалар мен жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдалану, шығармашылық еңбек ету, олардың қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау, логикалық ойлау мақсатында "Жүрістердің есебі"атты "Дойбы" үйірмесінде сабақ өтті. Балалар спорт түрі екенін, дойбыны алпыс төрт шаршыға бөлінген тақтада он екі таспен екі адам ойнайтынын, қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау керек ойын шарттарымен танысып екі жақты ойын ойнады.
"Дойбы" үйірмесінің жетекшісі М.Смаділ
"Дойбы" үйірмесінің жетекшісі М.Смаділ