03
сентябрь
2025
«Менің Отаным – Қазақстан!» тәрбие сағаты





"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Асанбай Асқаров атындағы ЖОББТМГ (ресурстық орталығы) «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекетіміздің тарихын құрметтеу мен тәуелсіздіктің құндылығын түсіндіру, жас ұрпақты елінің дамуына үлес қосатын саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында ұстаздар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, ел тарихының маңызды кезеңдерін атап өтті. Сонымен қатар білім алушылар Отан туралы өлеңдер оқып, пікірлерін ортаға салып, Қазақстанның болашағына байланысты өз ой-тілектерін білдірді.
Шара жас ұрпақтың елжандылық рухын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етті
#МеніңОтанымҚазақстан
#АдалАзаматАсқаров