24
октябрь
2025
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ



МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында (ресурстық\орталығы)
"Өзін-өзі басқару" ұйымы МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиында "Өзін-өзі басқару" ұйымының мектеп президентінің үміткерлерін жеке кұрамына енген министрлерді құрметпен ортаға шақырып, төс белгілерін тағу рәсімін өткізу үшін және құттықтау тілегін білдіру үшін мектеп-гимназиямыздың ДОІЖО Айтбаева Айнұр Күмісбековна ортаға шақырылды. Айнұр Күмісбековна өз сөзінде: - Бұл іс- шараны ұйымдастырудың, басты мақсаты – тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін дамытудағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы жаңа моделін қалыптастыру, парламент фракциялары оқу тәрбие процесінің,проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің, таптырмас кемекшісі, парламентте оқушылар, педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болатындығын айтып өтіп,төсбелгілерді табыстады.Ең көп дауыс жинаған 10" а" сынып білім алушысы – Оспан Жанэль МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ болып сайланды. Салтанатты түрде мектеп-гимназия президенті ант қабылдап, үкімет кұрамы, яғни мектебіміздің, министр палаталары таныстырылып, бұл үкімет мүшелері бірігіп жоғары белестерді бағындыратындықтарына уәде етті.Жиын соңы жалпы 2 «Б» сынып білім алушыларының "Біз бақытты баламыз" әнін орындауымен аяқталды.