05
декабрь
2025
3-4-сынып білім алушыларымен "*Жылдам әрі қатесіз оқы*" байқауы
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 5-ші желтоқсан күні 3-4-сынып білім алушыларымен "*Жылдам әрі қатесіз оқы*" байқауы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың оқу жылдамдығын арттыру, мәтінді дұрыс түсіну және есте сақтауын дамыту. Тиімді оқу стратегиялары: Жылдамдықты арттыру жолдары. Қатесіз оқу дағдылары:Түсіну мен есте сақтау әдістері түсіндірілді. Байқау ережелері мен бағалау критерийлері таныстырылды. Байқау нәтижесінде: I орын 3"Б" сынып оқушысы Гасанова Зиният, 4 "Г" сынып оқушысы Гасанов Узейр, II орын 3 "Б" сынып оқушысы Салахова Ругайя, 4 "В" сынып оқушылары Яхяева Себелжан, Халафова Флора, lII орын
4 "Г" сынып оқушылары Мурадов Али-Наги, Алиева Амина. Білім бұл жарыс емес, бірақ білімге жету жолындағы әрбір қадам - жеңіс! Бүгінгі байқау оқушыларымыздың болашақ білім жолына зор үлес қосады деп сенеміз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Алишева






