10
ноябрь
2020
Күз ханзадасы мен ханшайымы"
Мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты күзгі фотосуреттер байқауы болып өтті. 8"А" сынып оқушылары Қуаныш Мейірлан және Әділхан Анеля байқау талаптарына орай, ұлттық киімдерін киіп, Алатаудың етегіне, Меркі тауларының баурайына , өз үйінің бағына , саябақтарға, мектеп ауласына, өзен ортасындағы тастарға, ағаштардың жапырағы жауған сәкілерге түсіпті. Жапырақтары желмен көбелектей шыр айналып жерге қонған , адам аяғының астында сары кілемдей төселіп жатқан қалың жапыраққа , дастархан жайып жіберіп, таудың саф ауасында , табиғат аясында сырласқан достар, жайылған дастарханнан жомарт күздің байлығы ,- мәуелеп піскен, әртүрлі жемістерді танаптағы түйнекті көгенде жатып семірген көк лақты, сусыз піскен асты дақылдарды, сәбіз , картоп, орамжапырақ, асқабақ, дүмбіл сияқты өнімдерді көруге болады. Ол әр қатысушының фантазиясына, идеясына байланысты, қарақошқыл тартқан ағаштардың сидам сабағының , өңін жоғалтып күреңіткен, мизам күздің саясына кәдімгі кинофильм лентасындағыдай көрініс бере отырып, ызғарлы демі сезілген күзге лайықтап киімдерін ауыстырып, киініп түскенін қызыға қарауға болады.