анықтама
«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»
"Мамандық – жетістік мерейі" атты онлайн кеңес беру туралы анықтама
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 27 қараша күні "Мамандық – жетістік мерейі" тақырыбында онлайн кеңес беру ZOOM платформасы арқылы 9,10,11 сыныптарымен кәсіптік бағдар бойынша, директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары мен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану, аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау. Онлайн кеңес беру барысы елбасымыздың «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» - деген сөзімен басталды. Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады . «Психогеометрия»- өзін- өзі тану
Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Менен сұрақ, сенен жауап
1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге болады?
2) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.
4) Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
5)Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
6)Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7)Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8)Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9)Адам белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?
10)Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?